History of the Lyceum

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының

«Дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы:

1991-1998 жылдар – политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернаты:

Қаз ССР Халық депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық советі атқару комитетінің (төрағасы А.С.Омаров) 1991 жылғы 02 тамыздағы «Политехникалық бағыттағы қазақ лицей-интернаты ашу туралы» Жарлығы бойынша 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласындағы Ленин атындағы мектеп-интернаттың негізінде политехникалық бағыттағы лицей-интернаты ашылды және облыстық халыққа білім беру басқармасы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетімен бірлесе отырып, лицей-интернатының 7-10 сыныптарына оқушылар іріктеп, қабылдауды бастады.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатының директоры болып, КСРО және ҚазКСР  халыққа білім беру үздігі, ҚР Білім министрлігінің мақтау грамотасының иегері Казыкенов Жәдігер Есімханұлы тағайындалды.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатының мақсаты: “Жақын және шалғай аудандардың дарынды және қабілетті оқушыларын іріктеп, политехникалық пәндерді тереңдетіп оқыту”. Бағыты: физика-математика, химия-биология, қазақ тілі, әдебиеті. Тереңдету пәндерінен жоғары оқу орындарының оқытушылары дәріс берді.

Политехникалық бағыттағы облыстық қазақ лицей-интернатын 85 оқушы “Үздік” аттестатқа аяқтады.

1999-2004 жылдар  – “Шығыс Қазақстан техника-экономикалық  12 жыл оқытатын лицей-колледж-интернаты”

Мақсаты:

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру және ауылдық жерлердерде кіші және орта бизнес мамандарын даярлау
  • Еңбек нарқының күрт өзгеруіне байланысты әлеуметтік жағдайы төмен, ауылдық жердің жастарынан сауатты, сапалы мамандар даярлау

Лицей-колледж-интернатында даярланған мамандықтар: «Экономика, бухгалтерлік есеп, аудит(салалар бойынша)», «Маркетинг(салалар бойынша)»

Шығыс Қазақстан техника-экономикалық  12 жыл оқытатын лицей-колледжді “Үздік” дипломмен аяқтаған түлектер  саны – 37

2005 жылдан бастап Шығыс  Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 ж. 8-ақпандағы №80 қаулысы негізінде облыстық техника-экономикалық лицей интернаты “Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-лицей-интернат” болып қайта құрылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 5 наурыз 2004 ж. №187 “Дарынды оқушыларға арналған білім беру ұйымдарының аясын кеңейту” туралы бұйрығына сай, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 14 қазан 2005 ж. №677 бұйрығының негізінде дарынды мектептер қатарына енгізілді.

Лицей директоры – Абдулдина Айгул  Капиратовна, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, Республикалық  авторлық  бағдарлама байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасының», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалінің, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің, Қазақстан Республикасының «Құрмет»  орденінің иегері.

Мектеп-лицей-интернатының мақсаты:

Лицей-интернат жағдайында әр оқушының жеке өзіндік қабілетін, талантын дамыту арқылы бәсекеге қабілетті, өзін-өзі жетілдіре алатын жан-жақты  тұлға тәрбиелеу.

Міндеті: Білімді, зиялы, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын  өмірге бейімді, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау.

Дарынды тұлғаның  сабақтан тыс іс-әрекеті, өзін-өзі жетілдіруі техникалық, қоғамдық, эстетикалық шығармашылық даму бағыттары арқылы іске асырылады.